Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қабылдау тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлода қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  бас маман К.Б.Дюсембаева  «Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қабылдау» атты тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинарға  Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотының кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары  қатысты. Шара  барысында  апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қабылдау тәртібі туралы айтылды.

Семинардың соңында бас маман К.Б.Дюсембаева апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу кезінде «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережелерін бекіту туралы»   Ереженің 9 пунктін катаң сақтау керектігін айтып өтті.

Источник: 
Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі