Бала асырап алу туралы сұрақтар бойынша семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылғы 01 маусымда Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бала асырап алу туралы заңнамалық реттеудің сұрақтары бойынша семинар өтті.

Іс-шараға "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" ММ қамқоршылық және қорғаншылық органының, "Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы" ММ өкілдері сотының судьясы қатысты.

Бала асырап алу туралы азаматтық істерді қарау кезінде қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындылар беру сұрақтары егжей-тегжейлі талқыланды.

ҚР АІЖК-нің 313 бабына сәйкес, істі сот талқылауына дайындау кезінде асырап алынатын баланың тұрғылықты немесе тұрған жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды бала асырап алудың негізділігі туралы және баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы комиссия қорытындысының негізінде асырап алуға беру туралы рұқсатты сотқа беруді міндеттейді.

 

Источник: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі