Екібастұз қалалық сотында куратордың қатысуымен судьялардың жұмыс кеңесуі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының жоспарына сәйкес судья Г.А. Альжановпен  Екібастұз қаласына шығуымен  Екібастұз қалалық сотының  жұмыс жағдайы зерттелді,  2017 жыл 5 ай мерзімде  азаматтық істерді қарауда судьялармен АПК аталаптарының сақталуы тексерілді,  тәжірибелік көмек  көрсетілді  және нақты істерді шешу бойынша және АПК талаптарын сақтау жөнінде  кеңес тер берілді.

Жұмыс кеңесуде сот төрелігін шығару мәселері талқыланды, сот актілерінің сапасы қаралды, істерді қарауда созбақтауды болдырмау және негізсіз істердің қарауын шегеру  туралы айтылды. 

Судьялардың назарын  тоқтатылған істердің мерзімдеріне аударды,  сот актілерін шығаруда халықаралық шарттарға сілетеме жасау ерекше көңіл аударып, жұмыста қолдану туралы нұсқау айтылды. 

Жұмыс кеңесуінің қорытындысында судьялар пікір алмасты.

Источник: 
Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі