Екібастұз қаласының әкімшілік сотының судьялары гендерлік саясат мәселелерін талқылап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Д.Нұрсұлтанова Екібастұз қаласының жергілікті полиция қызметінің өкілдеріне «Гендерлік саясат» тақырыбына «дөнгелек үстел» өткізді.

Іс-шара барысында спикермен қоғамдық және мемлекеттік қызмет      қоғамдық өмірде әр түрлі салаларда ерлер мен әйелдердің теңдігіне жолданғанын атап айтылды. Сондай-ақ баяндамада гендерлік саясат «Қазақстан Республикасында гендерлік саясат концепциясымен» реттелетіні белгіленді.

 Шара барысында ел халқы арасында ерлер мен әйелдердің тең құқықтық мәдениетін тәрбиелеу және насихаттау, жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларын және халықаралық міндеттемелерді орындау, саясатты, әлеуметтік-еңбек және отбасы қатынастарын қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің барлық салаларында теңдікті қамтамасыз ету үшін қоғамның құқықтық және саяси мәдениет деңгейін көтеру, ананы, баланы және әкені қорғау мәселелері талқыланды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша, әйелдерге қатысты тұрмыстық зомбылықтың алдын алуына бағытталған  ұсыныстар келтірілді.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары өзара пікірлерімен алмасып, шараның маңыздылығын атап өтті.

Қайнар: 
Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі