Экономикалық сотта «Медиация тәртібінде сотқа дейінгі дауларды реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» атты тақырыпқа «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Медиация тәртібінде сотқа дейінгі дауларды реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» атты тақырыпта судьялар мен кәсіпқой емес медиаторларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Татуластыру рәсімдері бойынша үйлестіруші судья Е.Ерболатов пилоттық жобаның негізгі мақсаттарын, медиация рәсімін міндетті түрде қолдану қажет даулар (жанжал) санаттарын атап өтті.

«Дөңгелек үстел» барысында талқыланған тақырып бойынша пікірлер мен сұрақтар тыңдалды және сот ғимаратында медиаторлардың кезекшілік кестесін ұйымдастыру ұсынылды.

Источник: 
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі