Электрондық сот ісін жүргізуді дамыту істі қарауды айтарлықтай жеңілдетеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақсу қалалық сотында «Сот кабинеті» тақырыбына семинар өтті.

Іс-шараға соттың кеңсе меңгерушісі М.Оспанова және жоғары оқу орындары және колледждердің түлектері қатысты. М.Оспанова «Сот кабинеті» қызмет көрсетуі сот құжаттары мен хабарламаларды жедел алуға, істің өтуін қадағалау, мемлекеттік бажды онлайын төлемін жүргізу, барлық сот инстанцияларына кез келген өтініштерді электронды түрде беруге мүмкіндік беретін сот органдарының онлайн қызметіне қол жеткізудің бірыңғай әйнегі болып табылатынын атап өтті.  

Сондай-ақ, ақпараттық сервистерді сот кеңселерінің жұмысын ғана емес, сонымен қатар, сотқа жүгінген адамдарға уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда азамат үйінен шықпай  тұрып, Жоғарғы Соттың ресми сайты арқылы сотқа жүгініп, өзінің құжаттарын ұсынуға мүмкіндігі бар.

Семинар соңында қатысушылар электронды сот ісін жүргізуді дамыту оның ішінде «Сот кабинеті» істі қарауды айтарлықтай жеңілдетіп,  қысқартатыны туралы тұжырымға келді.   

Источник: 
Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметі