Халықтың көші-қоны туралы тақырыпқа дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында «Халықтың көші-қоны туралы» тақырыбына  сот төрағасы Ғ.М.Ертаев, аудан прокуратурасының прокуроры  С.Қалым, Железин ауданының ІІБ көші-қон тобының  инспекторы К.Анциферова, «Железинка» шеқара комендатураның әкімшілік құқықтық жұмысын комендантының көмекшісі   Т.Канафин  және сот мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара Режимiнiң белгiленген тәртiбiне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар және жалпы халықтың көші-қон заңнамасының бұзу жиілігі төңірегінде дөңгелек үстел өткізілді.

Шетелдiктiң Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы және халықтың көші-қоны заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы сот төрағасы Ғ.Ертаев атап өтті.                                   Сонымен бірге,   халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын талаптары бәріне ортақ және Қазақстан территориясында оны барлық азаматтар сақтауы тиіс екенін ескерді.

Көші – қон полициясының өкілдерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимін бұзғаны үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша әр түрлі сұрақтар қойылды.

Бұдан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, басқа іс материалдары туралы және басқада сұрақтар іс шарада  талқыланды.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі