«Қоғамның және мемлекеттің дамуындағы әйелдердің атқаратын рөлі» атты тақырыпта дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.Ертаев, «Нұр ана әлемі» областық филиалдың өкілдері және сот қызметкерлердің қатысуымен Гендерлік теңдік стратегиясының жүзеге асыруға  арналған «Қоғамның және мемлекеттің дамуындағы әйелдердің атқаратын рөлі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29-қарашадағы «Қазақстан Республикасында  2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Жарлығының негізгі мазмұнымен таныстырып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жергілікті деңгейде әйелдердің құқықтары мен мүдделерін сақтау, олардың дамуына барлық мүмкіншіліктер жасау мәселелерін талқылады.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі