Көлік жүргiзушілерге қатысты 24 әкімшілік істер қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Лебяжі аудандық сотымен осы жылдың ағымда 5 айында  көлік жүргiзушілерге қатысты жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзғаны үшін 24 әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 24 көлік жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 16 құқық бұзушы көлік құралын басқару құқығынан айырылды, 4 құқық бұзушыға әкімшілік қамаққа алу және 4 құқық бұзушыға әкімшілік айыппұлды 102105 теңге өндіріп алу түрінде жазалар тағайындалды, онын ішінде ерікті түрде төленген айыппұл 79415 теңге.

Источник: 
Лебяжі аудандық сотының баспасөз қызметі