Колледж студенттері арасында құқықтық мәдениетті арттыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттың төрағасы Г.Ертаев сотта Железинканың аграрлық-техникалық колледжінің 1-2 курс студенттері үшін құқықтық тақырып бойынша кездесу өткізіп, дәріс оқыды.

Іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты, қылмысты алдын алуға және жанжал деңгейін төмендетуге, құқықтық мәдениетті арттыру болып табылды.

Сот төрағасы студенттерге оның ішінде балалардың жеке қасиеттері, бостандыққа, мүлікке, еңбекке, білімге және демалыс пен ойынсауыққа қатысты «ҚР-да балалар құқығын қорғау туралы» Заңына сәйкес, балалар құқығы туралы толық тоқталып өтті.

Кездесу барысында құқықбұзушылық және қылмыс үшін кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы тақырып қозғалды, құқыққа қарсы әрекет жасау үшін жауапкершілік жасы аталып өтіп, медиацияны қолдану тәртібі туралы ақпараттандырылды.

Сондай-ақ жастар арасында психоактивті заттарды қолдану және жол көлік оқиғаларын алдын алу мәселесіне назар аударды.

Дәріс соңында сот төрағасы Г.Ертаев колледж студенттерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі