ҚР Заң талаптарын бұзуды жою туралы ұсынысты орындамағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «ЖЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) әкімшілік істі қарады.

Сотта «ЖЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Павлодар қаласының төтенше жағдайлар бойынша басқармасының 2016 жылдың 26 қыркүйектегі  өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасындағы заң талаптарын  бұзуды жою  жөніндегі ұсынысын орыдамай, ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігін бұзғандығы анықталды.

Сот қаулысымен «ЖЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, серіктестіктің қызметін 1 айға тоқтата тұрып, 100 айлық есептік көрсеткіш – 226 900 (екі жүз жиырма алты мың тоғыз жүз) теңге айыппұл салынды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.     

Источник: 
Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі