Май аудандық сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарау. АПК-нің 13 тарауын талқылау» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенова «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарау» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы Ұ.Рахимбергенова, «Банк Хоум Кредит» АҚ-нің өкілі А.Каменов және сот мамандары қатысты.

 Іс-шара барысында төраға Ұ.Рахимбергенова өз сөзінде, осы жылы қолданысқа енген Азаматтық процестік Кодексі азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін соттың тиімді қорғауына бағытталып, дауларды қарастыру және шешу сапасын тездететіні туралы айтты. Сондай-ақ, сот ісін жүргізуді жеңілдету мақсатында қысқартылған өндірістің жаңа түрі-оңайлатылған іс-жүргізу тәртібі енгізілгеніне тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған жаңа кодекс бойынша оңайлатылған іс-жүргізу тәртібімен қаралатын істер санаттарының қатары көбейтілгені, талап арызды сот өндірісіне қабылдау,оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен талап арыздарды қарау,істерді қарау мерзімі, сонымен қатар, оңайлатылған іс-жүргізу тәртібінің азаматтық істі қарау барысындағы ерекшеліктері мен мазмұны атап көрсетілді.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар аталған оңайлатылған іс-жүргізу тәртібі мәселелерін талқылап өзара пікір алмасты.

Источник: 
Май айданының баспасөз қызметі