Мемлекет пайдасына 113 450 теңге айыппұл өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596-бабының 5-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру,  қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сотта,  Р көлік басқару құқығынсыз, Павлодар қаласында Бекхожин көшесінде көлік басқарып келе жатып жолда жүру ережелерімен тыйым салынған жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып кетіп, ӘҚБтК-нің 596-бабының 5-бөлігін бұзғандығы анықталды.    

Сот қаулысымен Р, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596-бабының, 5-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 113 450 (он үш мың төрт жүз елу) теңге айыппұл салынды.     

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі