Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисімен «Сот органдарына хаттарды, материалдар мен істерді жолдау» тақырыбына семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисімен «сот органдарына хаттарды, материалдар мен істерді жолдау» тақырыбында семинар өткізілді. Іс шараға Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.

Аталған іс шараның мақсаты сотқа жүгінудің жолдарын жеңілдететін қолданыстағы сервистер туралы ақпараттарды тұрғындарға жеткізу.

Соттың жетекші маманы Р.Шуштаева «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы азаматтарға, олардың адвокаттары мен өкілдеріне, мемлекеттік мекемелерге, мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне, заңды тұлғаларға сотқа құжаттарды беру, істерді, материалдарды сонымен қатар әкімшілік істерді жолдау мүмкіншілігі бар екенін айтып өтті. Қазіргі уақытта тұрғындар арасында «Сот кабинеті» сервисіне сұраныс артып баратыны, осыған орай азаматтарға сотқа жүгінуге оңай болу үшін осындай сервис бар екендігін мәлімдеуі өте маңызды екенін айтты.

Іс шараны аяқтай келе семинарға қатысушылар  «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану өте ыңғайлы екенін,  уақыт пен қаржыны үнемдейтінін атап өтті.

Источник: 
Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі