«Сот кабинеті» ақпараттық электронды сервисінің қызметін түсіндіру бойынша көшпелі семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Успенка аудандық сотының қызметкерлері «Сот кабинеті» ақпараттық электрондық сервисі жұмысы бойынша Успенка ауылының «ХҚО» РММ-де көшпелі семинар өткізді.

Іс-шараға «ХҚО» РММ-нің секторының инспекторлары қатысты.

 «ХҚО» секторында  «Сот кабинеті» ақпараттық қызмет көрсету өз қызметін тиісті түрде жүзеге асырады, халық арасында аталған қызмет көрсетудің тімділігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қызмет көрсетуде өзін-өзі қамтамасыз ету бұрышы орнатылып, одан басқа 2 инспектор бекітілді.   

Семинар барасында соттың мамандары Д.Чуприн және сот кеңсе меңгерушісі М.Абдиев «Сот кабинеті» сервисінің қызметі бойынша инспекторлардың туындаған сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Успенка ауылының тұрғындары арасында «Сот кабинеті» ақпараттық электронды сервисінің қызметі бойынша әрі қарай өткізілген жұмысы туралы шешім қабылданды.  

Источник: 
Успен аудандық сотының баспасөз қызметі