Сотпен мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлерімен жедел мәжіліс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ. М. Ертаев «Павлодар облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы» ММ-нің қызметкерлері мен аға сот приставтің қатысуымен, процестің қатысушылары мен сотқа келушілердің тарапынан заңсыз шараларды қамтамасыз ету, сондай-ақ сот талқылауға қатысатын тұлғаларды қорғау мақсатында жедел мәжілісті өткізді. Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотында болған оқиғамен байланысты, сотқа келушілерді мен процеске қатысушыларды мұқият тексеруді жүзеге асыру бойынша қосымша нұсқауды өткізу сұрақтары жөнінде осы  іс-шара өткізілді.

Жедел мәжіліс барысында сот төрағасы Ғ. М. Ертаев сот приставтің және күзет қызметі қызметкерлерінің қырағылықты кеңейтуге, сотта ішкі-объектілік режимін және өткізу режимін қатаң сақтауға назар аударды.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі