Заңсыз тапанша ұстағаны үшін бас бостандығы шектеліп, мүлкі тәркіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың ақпан айының 13 жұлдызы сағат 13-00 шамасында Т.Арыстанбеков Баянауыл ауданының Құндыкөл ауылының сыртына ауылдан 3 шақырымдай жерге жаяу шығып, жазық далада қар үстінде жатқан полиэтиленді пакет тауып алған, ішін ашып қараған уақытта 97 дана оқ-дәрілер бар екенін көрген, ол оқ-дәрілерді алып үйіне әкеліп жататын бөлмесіндегі сейфқа салып қойып, заңсыз сақтаған. 

2017 жылдың ақпан айының 13 жұлдызында Баянауыл ауданы Құндыкөл ауылының тұрғыны Т.Арыстанбековтан Баянауыл аудандық ІІБ полиция қызметкерлерімен 97 дана оқ-дәрілері анықталып алынған.

Сот үкімімен Ш. ҚР ҚК-нің 287 бабының 3 бөлімімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша мүлкі тәркіленіп 1 жыл 2 ай мерзімде бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

   

Источник: 
Баянауыл аудандық сотының баспасөз қызметі