Железин аудандық соты ағымдағы жылдың 5 айына жұмыс қорытындысын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында сот мамандары мен «Родные просторы» жергілікті газетінің тілшілерінің қатысуымен 2017 жылғы 5 айының қортындысы бойынша баспасөз-конференциясы өткізілді.

Сот төрағасы Г.Ертаев баяндамамен сөз сөйлей келе, БАҚ-да жұмысты жарыққа шығару бойынша сот жұмысының статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Іс-шара барысында сот жұмысының негізгі көрсеткіштері талқыланды. Тілшіге соттарда жаңа технологияларды, татуластыру рәсімдері, дауларды сот алдында реттеу туралы толық ақпарат ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 5 айы үшін 12 қылмыстық іс, 95 азаматтық іс, 150 әкімшілік іс қаралды. Медиация тәртібінде 3 қылмыстық іс, 9 азаматтық, және 18 әкімшілік іс қаралды.

Іс-шара соңында төраға тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі