Ата-аналық құқығынан айырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер Б. сотқа  әйелі болған М.-ны ата-аналық құқығынан айыру  талап арызбен сотқа жүгінді, өз талаптарына уәж ретінде жауапкер бала тәрбиесімен айналыспайтынын ата-аналық құқығын шектеу қаулысын мерзімі өткеннен кейін бұзу туралы арыз бермегенін  келтірді.

Сот  отырысы  барысында  талапкер ата-аналық құқығынан айыру оған толық емес отбасы статусын алуға және пәтер алу үшін қажет екенін түсіндірді. 

Азаматтық  істі  қарау барысында талапкермен балардың анасын  ата-аналық құқығынан айыру үшін заңмен көзделген  жеткілікті негіздер ұыснылған жоқ деген тұжырымға келді, себебі  ата-аналық құқығынан шектеу ата-аналық құқығынан айыруға негіз бола алмайды. Талап  арыз балалардың әкесімен тек толық емес отбасы статусын алуға және пәтер алу үшін бастамашылық етілген.   

Және те сотпен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыны ң2000 жылғы  сәуірдің 28-дегі  №4  «Балаларды тәрбиелеумен  байланысты дауларды  шешуде соттармен заңнаманы қолдану туралы» нормативтік қаулысының  тармағына сәйкес  ата-аналық құқығынан айыру-ең соңғы шара болып табылады. 

         Сот отырысында зерттелген дәлелдерді болжамқ және сәйкестік жағынан бағалап, іс бойынша барлық мән-жайларды есекере, сот М.-ның  ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі