Әкімшілік жаза ретінде ескерту жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Лебяжі аудандық сотында ӘҚБтК-нің 461-бабында (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.,  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта құқық бұзушының апасы А-ға қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органымен А., қатысты қорғау нұсқамасы шығарылғандығы анықталды. Қорғау нұсқамасына сәйкес ол апасының еркінентыс оны іздеуге, аңдуға, баруға, телефон арқылы ауызша сөйлесуге, басқа да түрлермен қандай да бірқарым-қатынасжасауға, соныменқатар, қасақанақұқыққақарсыәрекеттер (әрекетсіздіктер) жасау арқылы дене және психикалық зақым келтіруге тыйым салынғандығы анықталды.

Алайда А., қайтадан ұрыс шығарып, жәбірленушінің атына балағатсөздер айтып, ар намысын қорлап,  отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасаған. Өзінің бұл әрекеті арқылы қорғау нұсқамасын бұзған.

Сот қаулысымен А-ға ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза  ретінде ескерту жасады.

Қаулы заңды күшіне енді

Источник: 
Лебяжі аудандық сотының баспасөз қызметі