Кәмелетке толмаған оның анасын ата-ана құқығынан айыруға қарсы болмады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер  К  сотқа  Н. ды ата-аналық құқығына айыру туралы  талап арызбен сотқа жүгінді, жауапкер кәмелетке толмаған баланың анасы бола тұра, ұзақ уақыт өзінің  ата-аналық міндеттерін тиісті орындамайды деген уәждер айтты. Бұрын Павлодар  облысының ауданаралық мамандырылған сотының шешімімен Н-ға ішімдікке салынғаны үшін, әлеметтік теріс өмір салтын сүруіне, тұрғылықты мекен-жайы бойынша жағымсыз мінезделгеніне, бала тәрбиесінен өздігінен  бас тартқанына байланысты ата-аналық құқығына шектеу қойылған.

Әкімдік қаулысымен кәмелетке толмаған С. қамқоршысы болып талапкер К. тағайындалған.

Сот отырысында кәмелетке толмаған С. әжесі мен атасының отбасында тұрғысы келетінін,себебі бұл жер оған жайлы.  Анасын ата-аналық құқығынан айыруға қарсы, ол ешқашан оны іздеген емес, балалр үйіне барғысы келмейді, әжесі,атасы, ағайы, тәтесімен тұрғысы келетінін айтты.        

Сот, ата-аналар баланың тәрбиесі мен дамуына негізгі  жауапкершілікті атқарады, баланың ең маңызды мүдделерін қамтамасыз етуге міндетті деп жазылған бала құқықтары туралы Конвенцияны басшылыққа алып, жауапкерді ата-аналық құқығынан айыру туралы К-ның талап арызын қанағаттандырды, және  сотпен одан баланы асырауға  алимент  өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі