Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы заңының нормаларын қолдану тақырыбында ҮЕҰ қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылғы 02 маусымда Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыда ҚР 2004 жылғы 9 шілдегі №591 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы заңының нормаларын қолдану тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға "Павлодар қаласының білім бөлімі" ММ қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің жетекші маманы Г.Б.Кощегулова, "Павлодар облысы ІІД-нің" ММ өкілі Б.Т.Камзина, "Көп балалы аналар" Қоғамдық ұйымының президенті Л.В.Афанасова, прокурор Г.А.Туякбаева, "Павлодар қаласының ІІБ" ММ өкілі Р.Ш.Сулейменов, Орталық, Оңтүстік және Солтүстік полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторы, соттың кеңсе меңгерушісі Ж.Г.Жанабекова қатысты.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы заңының нормаларын қолдану, девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері жөніндегі судья М.А.Иванова сөз сөйледі.

Сапасыз ресімделген өтініш материалдарын сотқа ұсыну, заң жүзінде белгіленген негіздердің болмауы сотпен жеке қаулы шығаруға негіздер болады. 

Источник: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі