«Қылмыстық істерді медиация тәртібімен қарау» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы Ақтоғай апудандық сотында «Қылмыстық істерді медиация тәртібімен қарау» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара барысында судья А.Е.Кабдрашова өз баяндамасында  қылмыстық сот ісін жіргізудегі медиация тәртібіндегі даулардың жүргізу рәсімдерінің құқықтық нормаларымен талаптарын түсіндірді, және де сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерге медиация тәртібі қолданылмайтындығын атап өтті.

Судья А.Е.Кабдрашова «Медиация туралы» Заңның жалпы ержелерін, сот жүйесінде медиация институтын жандандыру мақсатында өткізіліп жатқан іс-шаралар жайлы атап өтті. Сонымен қатар, медиация – дау бойынша, үшінші тұлға – медиатордың қатысуымен құқықтық дауларды шешудің баламалы түрі болып табылатынын айтты. Екі тарапты қанағаттандыратын өзара тиімді және тату келісімге жету, сотқа дейінгі даудың санын азайтып сот жұмысын жеңілдетеді.

Халықаралық стандарттарға сәйкес медиацияны жүзеге асыру еріктілік, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, тараптардың тең құқылық қағидаттарына негізделеді.

Сот жүйесінің негізгі бағыттарының бірі, медиация жолымен дауларды реттеудің баламалы әдісін енгізу болып табылады.

Семинар соңында сот дауларын шешудің баламалы тәртібі ретінде медияцияны қолдануда туындайтын проблемалық және ұйымдастырушылық мәселелері бойынша талқылау жүрді.

Источник: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі