Павлодар облыстық сотында «Жазаны тағайындау» - «Төрелік» жаңа ақпараттық жүйесін енгізуді талқылау бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында «Жазаны тағайындау» - «Төрелік» жүйесінің пилоттық талдау сервисі бойынша қылмыстық істерді қарауда мамандандырылған, судьялар үшін оқыту семинары өтті.

Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Гүлстан Темирова сөз сөйлей келе, аталған жаңалық «Электронды қылмыстық іс» жобасымен байланысты болып табылады. Аталған сервис қылмыстық және қылмыстық-процессуалды заңнама нормалары негізінде қылмыстық іс бойынша талдау ақпаратының алгоритім жиының барлығын қамтиді, ол өз ішінде жасалған қылмысқа және сотталған адамға және жаза тағайындауға дұрыс бағдар алуға тең болып табылады. Аталған сервисті қолдана отырып, судьялар сот шешімдерін дайындау алдында қолданыстағы заңнаманың барлық сәйкестігін көре алады.

Семинар барысында судьялар аталған сервис ұзақ емес жұмыс өтілі бар судьялар үшін пайдалы болып келетінін атап өтті.

Іс-шара соңында судьялар сервис жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар мен ескертулерді атап өтті.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі