Павлодар облысының Ювеналдық сотында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы" тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылғы 08 маусымда Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы" тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға "Павлодар қаласының ішкі істер бөлімі" ММ ювеналды полиция бөлім шелерінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы,  "Павлодар қаласының білім беру бөлімі" ММ қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілдері қатысты.

Тақырыб бойынша баяндама жасаған судья М.А.Иванова 2004 жылғы 9 шілдегі №591 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы заңының негізгі ережелерін атап өтті.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу  - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған.

Источник: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі