Павлодарда бес судьялыққа үміткер өңірдің соттарында бір жылдық тағылымдаманы аяқтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Павлодар облыстық сотында жалпы отырыс өтті, күн тәртібінде - өңірдің соттарында бір жылдық тағылымдамадан өткен судьялыққа үміткерлерді талқылау.

Отырысты аша отырып, облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» іске асыру шеңберінде Елбасы белгілеген басым бағыттардың бірі - сот лауазымына үміткерлерді іріктеу механизмін және біліктілік талаптарын қатайту болып табылатынын атап өтті. Ұлт Жоспарының 17-қадамында судьялыққа үміткерлер лауазымын сақтап, негізгі жұмыс орнынан қол үзе отырып, соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өту көзделген.

Бүгінгі күні облысымызда бес үміткер бір жылдық тағылымдаманы аяқтады.

 Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтудің негізгі міндеттері жергілікті соттарда жұмыс ерекшеліктерін зерделеу, судья лауазымында жұмыс істеу үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады.

Тағылымдамадан өту тағылымдамадан өтуші-үміткердің іскерлік, кәсіби және адамгершілік қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін іске асыру келешегін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

Тағылымдамадан өтушілердің міндеттеріне істерді сот талқылауына дайындау, процестік құжаттардың жобаларын, судьяның іс жүргізуінде болған істер бойынша сұраухаттарға және өтініштерге жауаптарды әзірлеу, сондай-ақ тағылымдамадан өту міндеттерінен туындайтын басқа да қызметтер кіретін. Тағылымдамадан өтушілер 11 ай бірінші сатыдағы соттарда, бір ай - облыстық сотта тәжірибеден өтті.

Отырыс қатысушыларының назарына тағылымдамадан өтуші-үміткерлердің есептері ұсынылып, тағылымдама жетекшілерінің пікірлері тыңдалған болатын.

Барлық пікірлер тағылымдамадан өтуші-үміткерлердің алған практикалық дағдылары мен білімі, процестік құжаттарды жасау сапасы, судья міндеттерін жүзеге асыруға дайындық дәрежесі, еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау, тағылымдамадан өтуші-үміткерлердің іскерлік және адамгершілік қасиеттері туралы мәліметтер қамтылған.

Сот төрағасы кеңес ретінде қорыту, талдау, сондай-ақ семинар, тренингтерді өткізуде белсенді қатысуды ұсынды.

Талқылау нәтижелері бойынша ұсынылған бес үміткер оң қорытынды алды,  алдағы уақытта Жоғарғы Сот Кеңесі отырысында қаралатын болады.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі