Шаруа қожалығынан жер телімі алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Павлодар облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы» КХ «Смагулов Н. К.» атына сотқа шағымданып, бөлінген жер телімін дұрыс емес пайдаланды деп арыз берді.

Сот отырысында Железинка ауданы әкімдігінің қаулы бойынша 12 тамыз 2005 жылы жауап берушіге жер телімі шаруа қожалығын жүргізу үшін берілгені анықталды.

Берілген жер телім 10 жыл бойы дұрыс бағытта қолданылмады.

Айтылған қателіктер жөнделген жоқ. Бұл ҚР заңнамасына сай келмейді.

Жауап берушінің бизнес – жоспарында су қоймасында туризмді дамыту жоспарланғанын айтты және балық шаруашылығы, бірақ айтылған дәлелдері расталмады.

Жер кодексінің 92 бап, 3 пункті бойынша берілген жер  телімі балық, фермерлік, ауыл шаруашылыққа қолданбаса, жерді Жер кодексінің 94 бап бойынша тәркілеп алуы тиіс.

Сот шешімі бойынша Железинка ауданында орналасқан бөлінген жер телім алынсын.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі