«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың көші-қон аясындағы заңнаманы бұзу» тақырыпқа семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында сот төрағасы Ғ.М.Ертаевпен судья А.Бесееваның және аудандық прокуратураның прокуроры С.Калымның қатыстысуымен «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың   көші-қон аясындағы заңнаманы бұзу » тақырыбында семинар сабағы өткізді.

Сот төрағасы Ғ.М.Ертаев    өз сөзінде,   ағымдағы жылдың 5 айында халық көші-қон аясында ҚР Заңнамасын бұзған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты 37 әкімшілік іс қаралды.
Сотпен жоғарыда көрсетілген тұлғалар мерзімнен аса ішкі істер органдарында тіркеусіз, тіркелу кезінде белгіленген мерзімде тұру мекен-жайын бұзған немесе жұмысқа тұру рұқсатын алусыз еңбек қызметін жүзеге асырған Қазақстан Республикасында болу құқығын бұзған, көші-қон карточкасында көрсетілген келу мақсаты сәйкес келмеуі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, құқық бұзушы  шетел азаматы бола тұра,   әлденеше рет әкімшілік жазаға тартылып, атап айтқанда жүйелі түрде құқық бұзушылықты жасайды.

Сот қаулысымен ӘҚБтК-тің 517- бабына көзделген құқық бұзушылық жасаған үшін 37 адам кінәлі деп танылып, әкімшілік жазаға тартылған, оның ішінде 15  адам қамаққа алынды, 8 - Қазақстан Республикасынан тыс жерінен шығарып жіберу жазасы тағайындалды, 14 адамға 448 125 теңге ортақ соммасына әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 309717  тенге өз еркімен төленген, 69 % құраған.   

Сонымен қатар, құқық бұзушының пікірін ескере отыра және материалды жағдайы қарастырылып, әкімшілік қамаққа алу жазасы  тағайындалады.

Шара қорытындысында қатысушылар әкімшілік істерді қарау барысында көші-қон аясындағы туындайтын проблемалық сұрақтарды талқылап, сот төрағасы қатысушылардың  қойған сұрақтарына  толықтай  жауап берді.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі