Сот өндіруді кепілге қойған мүлікке айналдырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қалалық сотымен банктің Г.-ға үшінші тұлға ретінде жеке сот орындаушыны тартумен,  өндіруді кепілге  қойған мүлікке  айналдыру туралы  талап арызбен, сотқа жүгінді.

Банкпен қойылған талап арыз  жауапкерге шарт негізінде  екі милионнан астам несие берілгенін уәж ретінде келтірді. Несие шартын қамтамасыз ету мақсатында  кепілге Екібастұз қаласында орналасқан жылжымайтын  мүлік- үшбөлмелі пәтер ұсынылды. Екібастұз қалалық сотының  шешімімен  берешек өндірілді және атқару өндірісі қозғалды. Сот шешімі орындалған жоқ, банк есеп шоттарында қаражаттар жоқ және сондықтан банк өндіруді кепілге қойған үшбөлмелі пәтерге айналдыруды сұрады.  

Жауапкер талап арызды мойындамады, талап арызды қанағаттандырудан  бас тартуды сұрады, уәж ретінде берешекті төлеуден бас тартпайтынын,казіргі уақытта жұмыссыз, қарауында кәмелетке толмаған 4 баласы барын, басқа пәтер жоқтығын уәж ретінде айтты.  

Сот  кепілдікке алушы талап арыз мөлшерін есептеп, кепілге қойған мүліктің құнымен сәйкес келмейді  және пәтер жауапкердің жалғыз мүлкі деп екенін, қарамағында төрт кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп,сот банкке өндіруді кепілге қойылған мүліккеи айналдырудан бас тартты.          Шешім талапкермен шағымдалған ,өзгертусіз қалдырылған заңды күшіне енді.

Источник: 
Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі