Сот шешімін орындамағаны үшін борышкерден 1 миллион теңге мөлшерінде үстем ақы өндіріліп алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының Екібастұз қалалық сотымен  борышкер К-мен ар-намыс, абырой, іскерлік беделіне нұқсан келтірген мәліметтерді жоққа шығарып, «Жетінші канал» («Телекомпания«ЭРА»ЖШС-і) және  «Коммерциялық телеканал» АҚ-ы арқылы жұрт алдында кешірім сұрау жөнінде сот шешімін орындамау фактісі бойынша үстем ақысын өндіру туралы сот орындаушының ұсынымы қаралды. 

Қазақстан Республикасының «Атқару өндірісі және сот орындаушылар мәртебесі туралы»Заңының   104-бабының 2-бөлігіне сәйкес  борышкермен сот орындаушысының талабы бекітілген мерзімде орындамаған жағдайда, сот орындаушысы борышкерден мемлекет пайдасына жеке тұлғалардан бес айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғалардан он айылық есептік көрсеткіш мөлшерінде әр бір күнге  үстем ақы өндіру ұсынымымен сотқа жүгінеді.

Сот ұйғарымымен Павлодар облысы Әділет Департаменті аумақтық бөлімінің сот орындаушысының ұсынымы қанағаттандырылды. Борышкерден мемлекет пайдасына  1 080 190 сомасында үстемақы өндірілді.

Сот ұйғарымы облыстық сотқа шағым жасалды. Апелляциялық инстанциясының сот алқасымен сот актісі өзгеріссіз қалдырылды. 2016 жылдың 04 сәуірінде тиісті атқару парағы шығарылды.

Қайнар: 
Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі