Сотпен қамаққа алу түрінде әкімшілік жазаны орындауға мерзімін ұзарту ұсынылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 6 бөлігі (Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ алкогольді мас күйінде болған жүргізушінің көлік құралын басқару) бойынша азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 01 маусымның  сағат 00:35 минут шамасында Железин ауылында автокөлікті басқаруға құқығы жоқ  бола тұрып, «VolkswagenGolf» маркалы автокөлігін басқарған.

Сот отырыснда К. кінәсін толық мойындап, жолдастарымен бірге сыра пайдаланғанын және түңгі уақытта көлік құралын басқаруға отырғанын түсіндірді. Осыған қоса, оқымауына байланысты жүргізушінің куәлігін алмағанын, алкогольді мас күйінде болғаны туралы медециналық куәландыруға дау айтай, жасаған ісіне өкінді.

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігіне көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танылды.

Шешімді жариялағаннан кейін К. қамаққа алу туралы әкімшілік жазаны орындау бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну туралы арызбен сотқа жүгінді, ол күнделікті қарауға мұқтаж болған және мүгедек арбада отырған, екінші топ мүгедегі болып келген анасын күтетінін түсіндірді. Одан басқа анасын күтетін ешкім жоқ.

Сот қаулысымен азамат К. 2017жылғы 06.07. дейін 1 ай мерзіміне әкімшілік қамаққа алу бөлігінде қаулыны орындау үшін мерзімін ұзарту ұсынылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі