Сотта «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін істерді қарастыру тәртібі» тақырыпқа семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында   «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін істерді қарастыру  тәртібі» тақырыбына  сот төрағасы Ғ.М.Ертаев, кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова және сот қызметкерлері  қатысуымен семинар өткізілді.

 ӘҚБК 818-бабының 2-бөлімінде сот талқылауы барысында іске қатысушы тұлға жағынан сотқа құрметтмеушілік көрсету фактісі бойынша істі қараудың арнайы тәртібі қарастырылған.

Аталған бапқа сәйкес, төрағалық етуші сот отырысы барысында қатысушы тұлғалардың сотқа құрметтемеушілік білдірген фактісі анықталған кезде факт туралы жария етіп, ӘҚБК 818-бабының 1-бөлігінің 2),4),9),12) тармақтарында көрсетілген тәртіп талаптарын сақтаусыз, кінәлі адамға  ӘҚБтК 653 бабына қарасты әкімшілк жаза тағайындау туралы қаулы шығаруға құқылы.

Сот талқылауы барысында анықталған, процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотты құрметтемеушілік фактісі туралы істі судья (сот) тікелей осы сот отырысында осы фактіні анықтап және сот отырысының хаттамасында тіркей отырып қарайды.

Қатысушылардың қызықтырған барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Источник: 
Пресс-служба Железинского районного суда