Әйелдерген қатысты кемсіту және олардың құқықтары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотында биліктің жергілікті атқару органдарының, ішкі саясат бөлімінің және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Әйелдерген қатысты кемсіту және олардың құқықтары» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті.

Шараға Ақтоғай аудандық ІІБ әйелдерді қорғау бойынша инспекторы Е.Атейхан, Ақтоғай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Машрикова және кәсіби емес медиатор Г.Н.Савчук қатысты.

Іс-шара баяндаушысы болып кеңсе меңгерушісі А.К.Жармухамбетова қатысып, гендерлік теңдестік бойынша сұрақтың шешілуінің маңызын белгілеп өтті.

Қатысушылар, әйелдерге қатысты кемсіту сұрақтарын, бір жыныстың жеткіліксіздік немесе артықтық идеяларының қалыптасуында отбасының рөлі бойынша сұрақтарды талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында гендерлік теңдіктің дамуы бойынша тренингке қатысушылардың жеке ресурстарын зерттеу бойынша тәжірибелік жаттығулар өткізілді.

Семинар-тренигтің қорытындысы бойынша, қатысушылар, бүгінгі тренингте көптеген проблемалы сұрақтар шешілгендіктен, осындай шараларды жиі өткізіп тұруға ұсыныс білдірді.

 

 

Қайнар: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі