Архив событий

03/08/2016

Айыппұл төлеуден жалтарғаны үшін жазаланды

03/08/2016

Ақтоғай аудандық сотында А. азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды,ол Ақтоғай ауданнының ІІБ–нің УПИ–нің көмекшісімен 2016 жылғы 24 мамырындағы қаулысымен ӘҚБтК 449 -бабының бірінші  бөлігі бойынша (қоғамдық жерде тиісу) кінәлі деп танылып, 10605 теңге мөлшерінде айыпұл салынған. Алайда осы уақытқа дейін айыпұл төленбеген, азамат А. қаулыны орындаудан бас тартып жүр. 

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, айыппұлды төлеуге жақын арада  шамасы келмейтінін айтты.

Қаулыны орындамаған үшін - қамау

03/08/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» құқық бұзушы А., қатысты әкімшілік ісін қарады.

Іс бойынша анықталғаны, 1996 жылы туған азамат А. ұзақ мерзімде ӘҚБтК 440 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жаза ретінде салынған сомасы 10605 тенге айыппұлды 2016 жылы 12 сәуірде шығарған Екібастұз қаласы ІІБ ЖПҚ УПИ қаулысының талаптарын орындамайды.