Архив событий

06/08/2016

Павлодардың Ювеналдық сотында мектептерде медиацияны өткізуге дайындалған жас медиаторламен тәжірибелік мәселелер талқыланды

06/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Медиация балалар мүддесінде» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті. Аталған іс-шараны өткізу «Медиаторлар күні» республикалық науқана негізделген болатын.

 «Дөңгелек үстел» жұмысына соттың судьялары, үкіметтік емес үйымдар мен кәсіби медиаторлар қатысты.

Павлодар қаласының әкімшілік сотында «Медиация күні» республикалық науқан шеңберінде жергілікті полиция инспекторларымен кездесу өткізілді

06/08/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Медиация күні» республикалық науқан шеңберінде жергілікті полиция инспекторларымен кездесу өткізілді.

Іс-шара сот төрағасының м.а. М.Майсакановтың, жергілікті полиция қызметі инспекторларының қатысуымен өткізілді.

Экономикалық сотында Медиация күніне арналған «Ашық есік күні» өткізілді

06/08/2016

«Ашық есік» науқанында экономикалық соттың судьясы Г. Кубенов, «Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің өкілі Ж.Ахмадиева, «Павлодар онкологиялық диспансерінің» КМК-нің шаруашылық бөлімі бойынша директор орынбасары Н.Пузанкова, «Выбор» ЖШС заңгері Н.Одинец қатысты.

Судья Г.Кубенов сот талқылауы барсында дауларды баламалы түрде шешу жолдарының бірі медиация болып табылатынын белгілеп өтті, сонымен қатар, медиация институты сотта істерді қарау кезінде маңызды рөлді атқарады.

Качир аудандық сотында Медиация күніне орай ашық есік күні өткізілді

06/08/2016

Качир аудандық соты төрағасының м.а. Д.Көдектің, Тереңкөл ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Китаевтың, кәсіби емес медиаторлар Қ.Зағитовтың және Р.Матаеваның, және аудан орталығы азаматтарының қатысуымен «Ашық есік күні»  өткізілді. «Ашық есік күні» «Республикалық медиаторлар күні акциясына» арналды.

«Медиация күні» республикалық науқан шеңберінде Ертіс аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

06/08/2016

«Медиация күні» республикалық науқан шеңберінде Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиевпен және судья Д.Нұржановамен аудан әкімдігінің Медиация кабинетінде Ашық есік күні өтті, оған ауданы білім бөлімі» ММ-нің өкілдері, Ақсақалдар кеңесі және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Сотпен бұзақылық фактісі бойынша 27 жасар азаматша жауапкершілікке тартылды

06/08/2016

Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша 27 жасар азаматша К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-ның 434-бабының бірінші бөлігі).

Іс материалдары бойынша  К. 2016 жылғы 4 маусымда Федоровка ауылында көшеде А-ның атына балағат сөйлеп тиіскен.   

Сот отырысында азаматша К. өзінің құқық бұзушылық туралы істеген кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді.

Шетелдіктермен көші-қон саласында Қазақстанның заңнамасы бұзылған

06/08/2016

Лебяжі аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының бесінші бөлігіне көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған Өзбекстанның үш азаматына қатысты әкімшілік істер қаралған  (шетелдiктiң халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан заңнамасын бұзуы).

Павлодар облысының экономикалық сотында іс партисипативтік рәсім тәртібінде қысқартылды

06/08/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында дау партисипативті тәртіпте реттелді.

Сотпен талапкер ЖШС «Айтжанова» ЖК 183 750 мың теңге және төлемақы өсімі бойынша 91 875 мың теңге мөлшерінде жалға алу төлем ақысы  бойынша қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінгені анықталды.

 Сот ісінің қарауы барысында дауды шешу үшін екі жақ судьяның көмегімен өткізілген, партисипативті түрде келісімге келді.