Архив событий

16/08/2016

Көршісінен жүзік ұрлағаны үшін әйел адам сотталды

16/08/2016

Шарбақты аудандық сотымен алтын бұйымын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 188-бабының бірінші бөлігі).

Іс материалдарын сәйкес, 2016 жылғы шілде айында 24 жасар И. өз көршісінің үйінде қонақта бола тұрып, 100 000 теңге құндылығы бар «рубин» тасы бар алтын жүзікті ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шарасы кезінде И.-дің жүзігін Павлодар қаласының ломбардына кепілге қалдырғанын анықталды.

Павлодар қаласының әкімшілік сотында үкіметтік емес ұйыммен семинар өтті

16/08/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» интернет қызметін қолдану мәселесі бойынша семинар өтті.

Семинарға кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Қабаева және «Аналар нашақорлық тәуелдікке қарсы» қоғамдық бірлестіктің төрайымы З.Нагих қатысты.

Семинарды өткізу барысында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисін нығайту бойынша мәселелер талқыланды.

Кеңсе меңгерушісі А.Кабаева сервисті қолдану мәселесі бойынша қоғамдастықтың өкіліне нұсқаулық берді.

Қазақстан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Украинаның үш азаматы айыппұлға тартылды

16/08/2016

Шарбақты аудандық сотымен ӘҚБтК-ның бабына көзделген мерзімде ішкі істер органдарында тіркеусіз Қазақстанда бола отыра, халықтың көші-қон саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактісі бойынша Украина азаматтарына қатысты үш әкімшілік істер қаралды.