Архив событий

24/08/2016

Май аудандық сотта « Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 669 бабын қарау» тақырыбына дөңгелек үстел

24/08/2016

Май аудандық сотының төрағасы Ұ.К.Рахимбергеновамен «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 669 бабын қарау» атты тақырыпта аудандық прокуратурасының прокуроры С.С.Жакубаеваның,  және Май ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметінің өкілі Ж.Сакеновтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Отыз тәулікке қамау түріндегі әкішілік жаза сотпен тағайындалды

24/08/2016

Май аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 7 бөлігі бойынша жүргізуші  Ш-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.

Іс материалдарына сай: 2016 жылы 12-ші тамызда Май ауданы Көктөбе ауылында азамат Ш. алдында көлік жүргізу куәлігінен айырлғанына қарамастан, мас күйінде УАЗ-469 мемлекеттік нөмері S 973 UFM маркалы автокөлікті басқарған.

Сот отырысында  құқықбұзушы  Ш., кінәсін толық мойындады . 

Ақтоғай аудандық соты Харьковка ауыл округының азаматтары үшін көшпелі «Ашық есік күнін» өткізді

24/08/2016

Ақтоғай аудандық сотымен Харьковка ауылдық округінде сот билігіне халықтың сенімін нығайту, татуластыру рәсімдерін қолдануды насихаттау шараларын ұйымдастыру мақсатында көшпелі  «Ашық есік күні» өткізілді.

Азаматтарды қабылдауды сот төрайымы С. Хисматуллина жүзеге асырды.

Аудандық соттың мамандарынан, сондай-ақ, ауылдық округінің әкімі,  Павлодар облысының адвокаттар алқасының адвокатынан құралған мобильдік топпен кездесуге  30-дан астам азамат ниет танытты.

Өзбекстанның азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлға тартылды

24/08/2016

Железин аудандық сотымен    Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзғаны және  ішкі істер органдарына  заңнамсымен белгіленген тіркелуге арналған  бес күнтізбелік күннен кейін, үш тәуліктен көп мерзімде тіркелмеген үшін Өзбекстан Республикасының азаматы А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сот отырысында А. кінәсін толығымен мойындап ішкі істер бөлімінде тіркелу қажеттігін білмегенін түсіндірді. Өзің істеген әрекетіне өкініш білдірді.  

Қылмыстық теріс қылық үшін қылмыстық жауап

24/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 287 б. 1 б. бойынша Б.А.Кузнецовқа қатысты қылмыстық теріс қылық үшін қылмыстық іс қаралды.

Баянауыл аудандық сотымен рұқсатсыз іқимыл жасағаны бойынша әкімшілік ісі қаралды

24/08/2016

Іс-құжаттары бойынша, 21.07.2016 жылы дәмхананың жеке мәселелері бойынша  Бпянауыл ауданының Жасыбай демалы орынында орналасқан ЖК С.Б. «АБ» дәмханасына  салық, тематикалық тексеруі жүргізілген. 

Тексеру барысында ЖК С.Б. сақтауына рұқсатсыз  алкогольдік ішімдіктерді  сақтағаны анықталған.

Баянауыл аудандық сотымен заңсыз құрлыс жүргізу жөнінде әкімшілік ісі қаралды

24/08/2016

Іс-құжаттары бойынша, 14.07.2016 жылы «КЭ» ЖШС  Баянауыл ауданының Жасыбай демалыс орынында «Е» демалыс үйін және мойынша салған. Салынған объект бір қабатты тік бұрыш пішінді болып табылады және мойыншаның құрлысы жер учаскесінің батыс жағынан «КЭ» ЖШС берілген жерден тысқары шыққан.  Мойыншаның құрлысы жер учаскесіне ешбір құқықсыз жұргізілген.

Осы факті бойынша «КЭ» ЖШС заңсыз құрлыс жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК 319 бабымен әкімшілік құқық  бұзушылық туралы хаттамасы толтырылған.

Бала отбасына қайтарылды

24/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмаған 2008 жылы туылған ұлы Павелға қатысты А.И.Медкедкинаның ата-ана құқығын қалпына келтіру туралы талап арызы қанағаттандырылды. 20016 жылдың 14 желтоқсанда Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен А.И.Медкедкинаның ата-ана құқығы шектелген, бала тартып алынған.

Банктік қарыз шарты бойынша берешек сомасы өндірілді

24/08/2016

Успен аудандық сотымен талапкер «Қазақстан халық банкі» АҚ-нен аз.М. қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

 «Қазақстан халық банкі» АҚ мен жауапкердің арасында № 2413991000031074 банктік заем келісім шартын жасасқан, заемға 140 000 теңге ақшаны 36 айға, жылына 26% сыйақы төлеу арқылы алған.