Архив событий

12/08/2016

Шарбақты аудандық сотында аяқ киім ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

12/08/2016

Шарбақты аудандық сотымен өзінің танысынан құны 5000 тенге тұратын аяқ киім ұрлаған 24 жасар аудан тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, танысының үйіне келіп, үйден шығып бара жатып, аяқ киімді ұрлап кеткенін түсіндірді.

Сот тергеуі басталмас бұрын сотталушы мен жәбірленушіден дауды медиация тәртібінде шешу туралы және жәбірленушімен және қылмыс жасаған адам түрінде қол қойылған татуласуға келу туралы келісім ұсынылды.

Алиментті өндіріп алу туралы дау медиация тәртібінде реттелді

12/08/2016

Ақсу қалалық сотымен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер Г. жауапкермен 2012 жылдан бастап некеде тұратынын және осы некеден 2013 жылы туған баласы бар екенін дәлелдеді. Жубайы қызының асырауына өз еркімен көмек көрсетпейді. Талапкер сотты қызы кәмелет жасқа толғанға дейін  жауапкерден оның пайдасына жалақыдан және (немесе) өзге де табыстан 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіріп алуын сұрайды.

Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

12/08/2016

Павлодар қаласының № 2 сотында ҚК-нің 345-бабының үшінші бөлігі бойынша айыпталған қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды (Көлiк құралдарын басқарған адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соғу).