Архив событий

10/08/2016

Кәмелетке толмағандардың қатысуымен қылмыстық істер бойынша бітімгерлік рәсімдер мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

10/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағандардың қатысуымен қылмыстық істер бойынша медиацияны қолдану мәселелері тақырыбына « дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына соттың судьялары, кәсіби медиатор Г.Оспанова, Павлодар қылысының №2 заң кеңесінің өкілі К.Аубакирова қатысты.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Дөңгелек үстел» өткізілді

10/08/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Аталған іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушысы Д.Нұрсұлтанова, Екібастұз қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері және сот мамандары қатысты.

Қатысушылармен әкімшілік жауапкершілікке тартылу мерзімдері, сотқа істердің жолдау мерзімдері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың құрастыру тәртібі және басқа өзекті мәселелер талқыланды.