Архив событий

04/08/2016

Железин аудандық сотында адамдарды халықаралық іздеу рәсімін жариялауды талқылады

04/08/2016

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.Ертаевтің қатысуымен ІІБ-нің тергеушілері В.Симиновский, З.Утегеневаның, Р.Унбаевтың қатысуымен, прокурор С.Қалымның қатысуымен және кеңсе меңгерушісі Г.Әубәкірованың қатысуымен  "Адамды халықаралық іздеуге хабарландыру рәсімі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ашық есік күні

04/08/2016

Медиация күні алдында Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы Д.Нұрсұлтанова ашық есік күнін өткізді.

 «Ашық есік күні» - халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенім деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Д.Нұрсұлтанова азаматтарды қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілімен семинар өткізілді

04/08/2016

Іс-шара Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судья М.Мусабаевтың, «Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің өкілі А.Мадиевтың, прокурор Ж. Абилмажинованың қатысумен өткізілді.

«Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбына судья М.Мусабаев баяндамамен сөз сөйледі.

Семинар жұмысында қатысушылар салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша кең шеңбердегі сұрақтарды талқылады.