Архив событий

22/08/2016

Ювеналдық сотта «Процестік келісім – практика мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

22/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Процестік келісім –практика мәселелері» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Павлодар облысының прокуратура өкілі Н.Лопатина және соттың судьялары  қатысты.

ҚПК-нің 622-бабының екінші бөлігіне сәйкес, сот, егер кінәні мойындау туралы процестік келісім сот талқылауы барысында жасалса, істі келісімдік іс жүргізуде шешеді.

Судья М.Иванова «Процестік келісім» тақырыбында сөз сөйледі.

Ювеналдық сотта «Девиантты мінез-құлқы бар балаларды арналған арнаулы білім беру ұйымына орналастыру мәселелері туралы сот тәжербиесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

22/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықт  балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына орналастыру сұрақтары туралы сот тәжербиесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға соттың судьялары, Павлодар қаласының Ішкі істер бөлімі Ювеналды бөлімдердің өкілдері, Павлодар қаласының білім бөлімі ММ-нің жетекші маманы А.С.Дюсембекова қатысты.

Железин аудандық сотында «Жеке қаулыларды есепке алу мен орындау» тақырыбына семинар сабағы өткізілді

22/08/2016

Павлодар облысының Железин аудандық соты «Жеке қаулыларды есепке алу мен орындауы»  тақырыбына семинар сабағы өткізді.

Семинар сабағына Павлодар  облысының Железин аудандық сотының мамандары  қатысты.

Экономикалық сотта « Талап арыздарды қараусыз қалдырудың негізгі талаптары» тақырыбына семинар өтті

22/08/2016

Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта «Талап арыздарды қараусыз қалдырудың негізгі талаптары» атты тақырыбына семинар өткізілді.

АПК-нің 279-бабына көзделген талап арызды қараусыз қалдырудың негізгі талаптары туралы судья Ю.Ибрагимова баяндап өтті.  

Судьямен арызды қараусыз қалдыру – ол арыз беруші өз арызын қайта бермеу емес, ол өз құқықтарын қорғау мақсатымен қайтадан арызын беру мүмкіндігі бар екеніне басты назар аударды.

Баянауыл аудандық сотында «Іске қатысушы тұлғаларды хабарлау» тақырыбына семинар өткізілді

22/08/2016

Баянауыл аудандық сотында қызметкерлермен кезекті семинарлық дәріс өткізілді.

Семинарда сот отырысының хатшысы М.Құнанбаева баяндамамен сөз сөйледі, сондай-ақ «Адамдардың сотқа қатысуын қамтамасыз ету» тақырыбында қысқаша түсініктеме жүргізілді.

Семинар соңында кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Омарова іске қатысушылардың уақытында шақыртылуы, сот отырысының хатшыларымен сот отырысына сотқа шақыру қағазын алу туралы қол хат, электронды хабарламаларды жіберу туралы айтып өтті.

Павлодар қаласының №2 сотында айыппұлдарды өндіріп алу бөлігінде үкімдерді орындауды талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

22/08/2016

Павлодар қаласының №2 сотында «Үкімдер бойынша мемлекет кірісіне төленген айыппұлдардың орындалуы» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

«Мемлекет пайдасына айыппұлдарды өндіріп алу бөлігінде үкімдерді орындау» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті, оған сот төрағасы К.Елемесов, соттың судьялары, Павлодар облысының жеке сот орындаушылар аумақтық палатасы басшысының орынбасары А.Цечоев қатысты.

Ювеналдық сотта «Ата-аналарды татуластыру мақсатында медиация» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті

22/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ата-аналарды татуластыру мақсатында медиация» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Павлодар аудандық маслихатының депутаты, «Павлодар облысының жастар конгресі» және «Павлодар облысының Қазақстанның жас депутаттар одағы»  үкіметтік емес ұйымның басшысы,  кәсіби емес медиатор Д.Корепанов, Павлодар қаласының білім бөлімі ММ-нің бас маманы А.Дюсембекова қатысты.

Ювеналдық сотта «Ата-ана құқығын айыру туралы істер бойынша дәлеледемелер» мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өтті

22/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ата-ана құқығын айыру туралы азаматтық істерді қарау барысындағы дәлелдемелер. Сот тәжербиесінің сұрақтары» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға «Ақсу қаласының білім бөлімі» ММ-нің жетекші маманы А.Балтабаева қатысты.

«Дөңгелек үстел» қатысушылардың назарына кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауға байланысты дауларды қарау бойынша азаматтық істерді қарау әдістемелік ұсыныстар таныстырылды.