Архив событий

19/08/2016

«Нұр отан» партиясының облыстық филиалында «дөңгелек үстел» өтті

19/08/2016

«Нұр отан» партиясының  облыстық  филиалында «Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша қызметті жүзеге асыру барысындағы қызметтік этика және жоғары моральды-адамгершілік атмосфера» атты тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстың мемлекеттік, құқық қорғау, сот органдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «Нұр отан» партиясының өкілдері қатысты.

«Арыз өтініштерді қайтару» атты тақырыбында экономикалық сотта семинар өткізілді

19/08/2016

Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта сот алқаларының қатысуымен  «Арыз өтініштерді қайтару» атты оқу-семинары өтті.

Сот алқаларының алдында өз баяндамасымен Г.К.Аубакирова арыз өтініштері жайлы сөз қозғады. Мәселен, азаматтық істерді қарастыру барысында ҚР АІЖК-нің 152 бабы бойынша арыз өтініштерді қайтарудың басты нысандарын атап өтті. 

Сонымен қатар, сот төрайымы қайтарылған арызды, арыз беруші жіберілген қателіктерді түзеп, қайтадан арыз беру мүмкіндігі бар екенін де айтты.