Архив событий

01/08/2016

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

01/08/2016

Железин аудандық сотымен Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзып, көрсетілген мерзімде ел аумағынан шығудан бас тартқаны үшін  Ресей Федерациясының азаматы С.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, С. автобустан қалып қою себебінен, белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпегенін түсіндірді.

Сот қаулысымен С. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде мемлекет пайдасына 31 815 теңге құрайтын он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Павлодар қаласының әкімшілік сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі, «Сауалнама өткізу» тақырыбында семинар өтті

01/08/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі «Сауалнама өткізу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға кеңсе меңгерушісі М.А. Негметжанова және полиция учаскелік инспекторлары қатысты.

Семинарды өткізу барысында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисін нығайту бойынша сұрақтар талқыланды.

Сот мәжілісінде заңды маңызы бар фактіні анықтау

01/08/2016

Железин аудандық сотында «Сот мәжілісінде заңды маңызы бар фактіні анықтау» тақырыбын сот манадарымен семинар сабағы өткізілді.

З.Тусупбекова бас маман сот мәжілісі хатшысыны баяндамасында заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық істерді қараукезіндегі бастысұрақтарды атапөтті.