Архив событий

11/08/2016

Баянауыл аудандық сотында «Медиация күніне» орай «Майкубен разрезі» ҚБ-нің үкіметтік емес ұйымы өкілімен кездесу өтті

11/08/2016

«Медиация күні» республикалық науқан шеңберінде Баянауыл аудандық сотында «Майкубен разрезі» ҚБ-нің үкіметтік емес ұйымы өкілімен кездесу өтті.

Сот төрағасы Д.Салатовпен  медиацияның негізгі міндеттері айтылып, кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) медиаторлар туралы түсінік берілді, сондай-ақ медиация бойынша Баянауыл ауданының әкімшілігімен атқарылған жұмыстар туралы және халықпен түсіндірме жұмыстарын өткізу қажеттілігін айтылды.

Ювеналдық сотта «Кәмелетке толамағандардың әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті

11/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толамағандардың әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға соттың судьялары және «Павлодар облысының Ішкі істер Департаменті» ММ-нің  ювеналды полиция бөлімінің басшысы Б.Камзина қатысты.

«Сот отырысының хаттамаларын әзірлеу, сот отырысының басталу және аяқталу уақытын сақтау» тақырыбына семинар-кеңес

11/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот отырысының хаттамаларын әзіреу, сот отырысының басталуы және аяқталау уақытын сақтау» тақырыбына семинар-кеңесі өтті.

Іс-шараға соттың судьялары мен сот мамандары қатысты.

Семинар жұмысын аша отыра сот төрағасы М.Дәйкенов аудио-бейне жазба арқылы әзірленетін сот отырысының хаттамаларын әзіреу, сот отырысының басталуы және яқталау уақытын сақтауына қатысушылардың назарын аударды.

Сотпен бұзылған құқықтар қалпына келтірілді

11/08/2016

Павлодар қалалық сотымен қамқоршылықтағы А.-ның мүддесіне әрекет ететін азамат Н.-ның «Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімі» ММ-не қатысты қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарастырылды.

Павлодар қаласының әкімшілік сотында дөңгелек үстел өткізілді

11/08/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ұсақ бұзақылық» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шара судья М.Мусабаевтың, Павлодар көлік прокуратурасының прокуроры А.Сартаеваның, Павлодар қаласының прокурорлары Ж.Абилмажинованың, Р. Дюсембаевтың, Павлодар станциясындағы ЖБІІ инспекторы А.Ахметовтың қатысуымен өткізілді.

Сот істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қарады

11/08/2016

Павлодар қалалық соты «Телекоммуникационные сети Павлодара» ЖШС-нің жауапкерден 7909 теңге қарыз ақшаны өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қарастырды.

Істің құжаттарына сәйкес талапкер мен жауапкердің арасында ғаламтор қызметін оператордың ғаламторын пайдалану арқылы пайдалану қызметін ұсыну туралы келісім шарт жасалды.     

Талап арыз қанағаттандырылды

11/08/2016

Май аудандық сотымен «Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің Б. жауапкерден 81 975 теңге көлік құралы салығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, жауапкер көлік құралы салығын 2011-2015 ж.ж. уақытында төлемеген, сонын салдарынан 81975 тенге мөлшерінде салық қарыз соммасы жиналып қалған.

Ата-ана құқығынан айыру туралы талап-арыз медиация тәртібінде шешілді

11/08/2016

Ертіс аудандық сотымен А.-ның Ш.-ға ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Судья Д. Нұржанованың өткізген медиациясы барысында, кәмелетке толмаған бала онымен бірге тұратыны және толық материалдық қамтамасыз етіліп, сонымен қатар жауапкерге баламен кездесуге қарсылық білдірмеуге міндеттенетін жағдайында арызданушы сот талаптарынан бас тартатындығы  жайлы тараптар келісімге келді.

Іс бойынша сот ісін жүргізу қысқартылды. Арызданушыға мемлекеттік баж қайтарылды.

«Мемлекеттік бажды төлеу бойынша заңнама нормаларына түсінік беру» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті

11/08/2016

Май аудандық сотында аудандық прокуратура, құқық қорғау органдары, Май ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері «Мемлекеттік бажды төлеу бойынша заңнама нормаларына түсінік беру» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына баяндамалармен сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова мен бас маман З.Жүнісбаевасөз сөйледі.

Екібастұз қаласының әкімшілік сотында «Сотта мұрағатты жүргізу» тақырыбына семинар өткізілді

11/08/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сотта мұрағатты жүргізу» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарды сот қызметкерлеріне кеңсе менгерушісі өткізді. Аталған семинарда мұрағат  жұмысының басты мәселелері, істі мұрағатқа тапсырар алдында тізімді дұрыс толтыруы, облыстық соттың  қарастыруына жіберер алдында істі дайындау туралы негізгі кезеңдер талқыланды.

Кеңсе меңгерушісімен «ТӨРЕЛІК» жүйесіндегі ұйымдастыру жұмысы туралы түсінік берілді.

«Қазақстан Республикасындағы сот жүйесіндегі Инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында семинар

11/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыда «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесіндегі Инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісінің м.а. Ж.Сраилова Мемлекет басшысының қағаз түріндегі құжат айналымын және есептілікті түбегейлі қысқарту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында аталған тақырыптың өзектілігіне қатысушылардың назарын аударды.

«Ертіс аудандық сотының төрағасы «Санаткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы істер бойынша әкімшілік сот ісін жүргізудің маңызды мәселелері» тақырыбында өткізілген «дөңгелек үстелге» қатысты

11/08/2016

Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиев «Ертіс ауданы әділет басқармасы» ММ басшысы Б.Қасеновпен «Санаткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы істер бойынша әкімшілік сот ісін жүргізудің маңызды мәселелері» тақырыбында өткізілген «дөңгелек үстелге» қатысты, сондай-ақ, шақырылғандардың қатарына аудан прокуроры А.Нұрмақанов пен «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Ә.Ыдырысов болды.