Архив событий

17/08/2016

Ювеналдық сотта кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкімдерді орындау мәселесі талқыланды

17/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғ.Рахматулина Павлодар қаласының пробация және прокуратура қызметкерлерімен кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкімдерді орындау тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарға пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы С.Аубакиров, испектор А.Сакауб, Павлодар қаласы прокуратура бөлімінің аға прокуроры Ж.Қожаубаева қатысты.

«Ата-ана құқықтарын шектеу және ата-ана құқықтарын шектеу салдарының күшін жою мәселесі бойынша «дөңгелек үстел»

17/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-ана құқықтарын шектеу және ата-ана құқықтарын шектеу салдарының күшін жою мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға соттың судьялары мен қаланың  Павлодар қаласының прокуратурасының өкілі А.Магауин, Павлодар қаласының және Павлодар ауданының білім бөліммі ММ-нің жетекші мамандары З.Бек, А.Шагманов,  Қалқаман балалар үйі КММ-нің өкілі У.Шульга қатысты.

Павлодар қаласының ювеналдық сотында «Сотта өкілдік ету» тақырыбына семинар-кеңес

17/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сотта өкілдік ету» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинар жұмысын аша отыра, сот төрағасы М.Дәйкенов азаматтық істерді қарау барысында «Сотта өкілдік ету» АПК-нің 6 тарауын қатаң сақтауына судьялардың назарларын аударды. Сондай-ақ жоғарғы заң білімі болмаған себебімен сотпен өкіл болуға рұқсат берілмеген тұлғаларға, егер сот отырысы ашық түрінде өткізілсе тыңдаушы ретінде қатысуларына рұқсат екендігін атап өтті.

Май аудандық сотында бітістіру рәсімінде кәсіби емес медиаторлардың қатысуы мәселесі талқыланды

17/08/2016

Павлодар облысы Май аудандық сотында «Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезенінде бітістіру рәсімінде медиаторлардың қатысу мәселесі» тақырыбына Қазақстан халқынын Ассамблея филиалы үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен семинар өткізілді.

Іс-шараға сот төрайымы, Қазақстан халқынын Ассамблея филиалы үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Павлодар қаласының электрлі қаруды алып жүргені үшін жауапкершілікке тартылды

17/08/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен А. қатысты ӘҚБтК 482-бабының екінші бөлігі бойынша іс қаралды (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы).

Іс материалдары бойынша, Павлодар станциясындағы темір жол вокзалында А. ішкі істер органдарында тіркелмеген өзімен бірге алып жүрген қол шам тәрізді электрлі қару тауып тәркіленген.

Май аудандық сотында «Қылмыстық істерді медиация тәртібінде қарау» атты тақырыпқа семинар сабағы өткізілді

17/08/2016

Қылмыстық істерді қарау кезінде медиацияны қолдану тәртібі бойынша Май аудандық сотының төрайымы Ұ.Рахимбергенованың төрағалығымен және аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, қорғаушылар мен кәсіби емес медиаторлардың өкілдерінің қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова аналитикалық аңықтама жасап, аңықтамасында өткен кезенде медиация тәртібінде қаралған қылмыстық істерді атап айтты. Сонымен қатар былтырғы жылдың кезенінде салыстырма ретінде сот төрелігінің сапасы жайлы да атап өтті.

Май аудандық сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібін талқылау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

17/08/2016

Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенова «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібін талқылау» атты тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы Ұ.Рахимбергенова, «Банк Хоум Кредит» АҚ-нің өкілі А.Каменов және сот мамандары қатысты.

Ата-аналарға балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін айыппұл мен қамаққа алу тағайындалды

17/08/2016

Баланың тәрбиесі мен оқуымен айналыспаған кәмелетке толмаған Земфираның ата-анасына 29 694 теңге сомасына әкімшілік айыппұл және 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу тағайындалды. 

Павлодар қаласының әкімшілік сотында «Adidas» тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны туралы іс қаралды

17/08/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен жеке кәсіпкер М. қатысты ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша іс қаралды (бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану).

Іс материалдары бойынша, М. сауда үйінің бутигін жалға алушы ретінде, «Adidas» тауар белгісімен тауарларды сату жолымен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырған.

Қарызды өндіріп алу туралы іс медиация арқылы қысқартылды

17/08/2016

Ақсу қалалық сотымен қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қарастырылды.

Іс материалдары бойынша, С. өз талап арызында жауапкер Е. 2016 жылғы  15 ақпанында оның дүкенінен 32 388 теңге сомаға азық-түлік өнімдерін қарызға  алған, ол туралы ол өз қолымен қолхат жазғаны туралы дәлелдейді.  Аталған қарыз  сомасын ол 2016 жылғы 10 мамырда қайтарып беруге тиісті еді, бірақ ол алған міндеттемесін орындаған жоқ.

2016жылғы 12 тамызда сот отырысына тараптардан медиация тәртібінде дауды реттеу туралы өтінішхат келіп түсті.

Атқару құжатын орындамағаны үшін қамаққа алу

17/08/2016

Іс материалдары бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2016 жылғы 15 тамыздағы хаттамаға сәйкес, Ю.М. ӘҚБтК 440-бабының бірінші бөлігі бойынша 10605 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлға тартылған, бірақ қазіргі уақытқа дейін Ю.М. әкімшілік айыппұлды төлемеген, осылайша атқару құжатын орындамаған.

Аталған факт бойынша Ю.М. қатысты ӘҚБтК-ның 669-бабы – атқару құжатын орындамау бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылған.