Архив событий

09/08/2016

Павлодарда «Медиация күні» республикалық акция шеңберінде Ашық есік күні өтті

09/08/2016

Павлодар облысының әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» «Достық» КММ-нің  мәдени орталығында «Медиация күнін» тойлау шеңберінде Қазақстан Халық Ассамблеясымен қоса Павлодар облыстық «Ашық есік күні» және конференция өткізілді.

Іс-шараға қала әкімдігі, облыстық және қалалық соттар, ішкі саясат басқармасы өкілдері, қалалық және аудандық медиация кабинеттерінің мамандары, кәсіпқой және кәсіби емес медиаторлар, әлеуметтік педагогтар, кәмелетке толмағандармен жұмыс бойынша учаскелік инспекторлар қатысты.

Баянауыл ауданының әкімшілігінде «ашық есік» күні өтті

09/08/2016

Аталған іс-шарада Баянауыл аудандық сотының төрағасы Д.Салатов, Баянауыл ауданының әкімшілік аппаратының басшысы К.Абылғазин, кәсіпқой емес медиатор (әуесқой), сонымен қатар «Баянауыл ауданының ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Камашев, Баянауыл ауданының тұрғындары қатысты.

Іс-шара әкімшілікпен құрылған медиация кабинетінде өтті. Сот төрағасы Д.Салатов тараптар арасындағы дауды шешудің мақсаты және міндеттері, халық арасындағы түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы айтты. Сонымен қатар, «Ардагерлер ұйымының төрағасы» Б.Камашев  сөз сөйледі.