Архив событий

15/08/2016

Сот қызметтік тұрғын үйді жалдағаны үшін Железин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының пайдасына қарызды өндіріп алды

15/08/2016

Павлодар облысы Железин аудандық  сотында    "Железин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту Орталығы" " Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік тұрғын үйді жалға берген үшін С-таң қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық процессте татуластыру рәсімін қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел»

15/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтық процессте татуластыру рәсімін қолдану мәселелеріне «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға соттың судьялары,  кәсіпқой медиатор И.Седлецкая, Павлодар облыстық адвокаттар коллегиясының №2 заң кеңес меңгерушісі Г.Султанбекова қатысты.

Ата-ана құқығынан айыру және шектеу даулары бойынша дәлелдемелерді ұсыну мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» Павлодардың ювеналдық сотында өтті

15/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ата-ана  құқығынан айыру және шектеу даулары бойынша дәлілдемелерді ұсыну» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға соттың судьялары, қала прокуратурасының өкілдірі, қала және Успен ауданы білім бөлімінің қамқорлық және қамқоршылық өкілдері қатысты.

Павлодар қаласының ювеналдық сотында Кәмелетке толмағандарды масаң күйге дейiн жеткiзу істер бойынша сот тәжербиесінің мәселелері бойынша семинар өткізілді

15/08/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 140-бабы бойынша қылмыстық теріс қылық туралы істер бойынша сот тәжірибесінің мәселелері бойынша семинар өткізілді (Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау).

Семинар жұмысына соттың судьялары мен Павлодар қаласының ІІБ-нің Оңтүстік, Солтүстік және Орталық ювеналды полиция бөлімдерінің басшылары Р.Сулейменов, А.Жансеитова, И.Емцова, Ж.Касенова қатысты.

«Мектепке жол» науқаны шеңберінде Ертіс аудандық сотының ұжымы көп балалы отбасына көмек көрсетті

15/08/2016

Жыл сайын өткізілетін республикалық «Мектепке жол» науқаны еліміздің аймақтарында 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Абиевтар отбасына қолдау көрсету мақсатында Ертіс ауданының төрағасы А.Нұрғалиев, Д.Нұржанова, кеңсе меңгерушісі Т. Мағауов  жаңа оқу жылына қажетті кеңсе (түрлі түсті бояулар мен қарандаштар, пенал, дәптерлер мен күнделік және т.б.) тауарлары бар рюкзак ұсынды.

Баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап-арыз медиация тәртібінде шешілді

15/08/2016

Ертіс аудандық сотымен баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы М-ның Р-ға қатысты талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Судьяның медиацияны өткізу барысында тараптар келесі шарт бойынша келісімге келді. Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері талапкермен бірге болатыны анықталып және толық материалдық қамтамасыз етіліп, сонымен қатар арызданушы жауапкерге баламен кездесуге қарсылық білдірмеуге міндеттенетін жағдайында талапкер М. талап азынан бас тартады.

Ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз медиация тәртібінде шешілді

15/08/2016

Ертіс аудандық сотымен А.-ның Ш-ға ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Судья Д.Нұржанованың өткізген медиациясы барысында, тараптар келесі келісімге келді: кәмелетке толмаған бала талапкермен бірге тұрып, толық материалдық қамтамасыз етіледі, сонымен қатар жауапкерге баламен кездесуге қарсылық білдірмеуге міндеттенді.

Іс бойынша сот ісін жүргізу қысқартылды. Сот ұйғарымы бойынша мемлекеттік баж  талапкерге қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Екібастұз қаласының әкімшілік сотымен 2012 жылдан бастап қарыз төлемеген жеке кәсіпкерге қатысты іс қаралды

15/08/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен атқару құжатын орындамау фатісі бойынша  жеке кәсіпкер В.-ға қатысты іс қаралды (ӘҚБтК-ның 669-бабы).

Жеке кәсіпкер В. ұзақ мерзімде 2012 жылғы 24 желтоқсанындағы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі негізінде берілген атқару құжатының талаптарын орындамайтыны  анықталды.

Шарбақты аудандық сотымен кәмілеттік жасқа толмағанға қатысты әкімшілік іс қаралды

15/08/2016

Шарбақты аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 517-бабының бірінші бөлігіне көзделген мерзімнен аса ішкі істер органдарында тіркеусіз Қазақстанда болған әмелетке толмаған Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды (Халық көші-қон саласында шетелдікпен Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзуы).

Сот отырысында жауап алынған кәмелетке толмаған К. кінәсін толығымен мойындап, көлікпен Бурабай демалыс орнына әкесімен барғанына байланысты, ережеде анықталған мерзімде тіркелмегенін түсіндірді.

Тойда салют ұшырғаны Павлодар қаласының тұрғынына айыппұл салынды

15/08/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен  ӘҚБтК 436-бабының екінші бөлігі бойынша азамат Я.-ға қатысты іс қаралды  (елдi мекендерде пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды ұшыру).

Іс материалдары бойынша азамат Я. достарының үйлену тойында мейрамхананың жанында бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық құрылғыларды жарды.

Әкімшілік істі қарау кезінде азамат Я. кінәсін толық мойындап, бұл бұзушылық үшін жауапкершілік туралы білмегенін, салютты қауыпсыз жерде ұшырғанын түсіндірді.

Екібастұз қалалық сотында «Диспозиция және санкция бойынша норманы жеңіл деп тану» тақырыбана «дөңгелек үстел» өтті

15/08/2016

Іс-шараға Екібастұз қалалық сотының сот төрағасының м.а. Н. Қаирбеков, қылмыстық істерді қарайтын судьялар, прокуратура бөлімінің бастығы Р.Гусейнов, прокурорлар О.Жанахметов, А.Абылханова қатысты.

Екібастұз қаласының тұрғыны куәландыруды өтуден бас тартқаны үшін 20 тәулікке қамаққа алынды

15/08/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен масаң күйін куәландырудан өту туралы полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау фактісі бойынша алдағы уақытта көлік құралын басқару құқығынан айрылған Екібастұз қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 613-бабының 7-бөлігі).