Архив событий

02/08/2016

Сотпен көлік салығы бойынша қарызды өндіріп алу жөнінте талап арыз қанағаттандырылды

02/08/2016

Сот  «Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің Б.-дан 81 975 теңге көлік салығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотпен жауапкер 2011-2015 жылдар мерзімінде көлік салығын төлемеген және 81 975 теңге сомасына қарыз болғаны анықталды.

Сот, Салық кодексінің 369-бабының 3-бөліміне сәйкес «Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкерден 81 975 теңге көлік салығын өндіру туралы талап арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Сот орындаушылардың іс-әрекетің санкциялау мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

02/08/2016

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.Ертаевпен Железин ауданының Әділет басқармасының бастығы В.Гуринаның және жеке сот орындаушы А.Хаербаеваның қатысуымен «Сот орындаушылардың іс-әрекетің санкциялау» тақырыбына  «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот төрағасы, сот актілерін орындалуы азаматтық істің қорытынды кезеңі болып табылатының, сот төрелігін айқындайтының атап өтті .

Баянауыл аудандық сотының қызметкерлерімен іс-жүргізу ережесі бойынша семинар өткізілді

02/08/2016

Баянауыл аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Омаровамен аудандық және оған теңестірілген соттардың  іс-жүргізу ережесі қысқаша баяндалды.

Баяндамадан кейін сот актілерін орындау және заң күшіне ену мерзімдері, жобаларды құрастыру кезінде туындайтын мәселелер талқыланды, мамандарға міндетті түрде күнделікті жұмыста нұсқаулықты сақтап, қолдануға нұсқау берілді.

Сот несиені өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты

02/08/2016

Ертіс аудандық сотымен «С» ЖШС-нің талап-арызы бойынша аз.К-дан қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Арызданушы қарызды өндіріп алу туралы талап арызымен, 2006 жылдың 3 мамырында «Альянс Банк» АҚ жауапкер К.-ға 426 000 теңге көлемінде 36 айға қарызын бергендігін түсіндіре отырып сотқа жүгінді. Келісім шартының міндеттемесі бойынша К. қарызды пайдаланғаны үшін сыйақысының төленуімен міндеттемелерді қабылдап, кейін оны орындамады.

Павлодар қалалық сотының судьяларымен жедел кеңес өтті

02/08/2016

Өткен жұма күні Павлодар қалалық сотының судьяларымен жұма сайынғы жедел кеңес өткізілді, әңгіме барысында ағымдағы жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен өткізген, Павлодар облыстық сотының қызметін қамтамассыз етуді ұйымдастыру және сот төрелігін жүзеге асыру жағдайын кешенді тексеру қорытындысы талқыланды.

Абайсыздан адамның өліміне акелген жүргізушімен жол жүру ережесін бұзу фактісі бойынша сотқа қылмыстық іс түсті

02/08/2016

Павлодар қаласының №2 сотында көлiк құралын басқаратын адамның жол жүру ережесін бұзған салдарынан абайсыздан адам өліміне әкеп соғу және оқиға болған жерден кетіп қалу бойынша қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 347- бабының, 345-бабының үшінші бөлігі).

Алкогольді мас күйінде көлік жүргізгені үшін Екібастұз қаласының тұрғыны 15 тәулікке қамаққа алу және 6 жылға жүргізу құқығынан айыру жазасына тартылды

02/08/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жүргізушімнен әкімшілік жаза мерзімі өткенннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, алкогольді мас күйінде болған жүргізушінің көлік құралын басқару фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 608 бабының төртінші бөлігі).

Сотпен девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағанды Облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына жіберу туралы арызың қанағаттандыруға бас тартты

02/08/2016

Железин аудандық сотымен девиантты мінез-құлықты, кәмелетке толмаған П-ны, "Облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты ММ-не жіберу туралы, Железин ауданының білім Бөлімі ММ-нің арызы қаралды

Іс материалдарына сәйкес, кәмелетке толмаған П. Железин ауданының аграрлық-техникалық колледжінде оқиды. Бұл ретте, үнемі сабақтан қалады дәлелсіз себептермен кетеді, Железин ауданы ІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция есебінде тұр.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот орындаушылармен семинар өткізілді

02/08/2016

Іс-шара Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы М.Майсаканов, аға сот орындаушы С.Байгожин, сот орындаушылар С.Омаров пен Д.Тайлаков, Павлодар қаласының  прокурорлары Ж. Абилмажинова мен А.Сартаева жәнекеңсе меңгерушісі М. Негметжанованың қатысумен өткізілді.

Железин аудандық сотының тұрғыны ішкі істер бөлімінің қауылысын орындамағаны үшін айыппұлға тартылды

02/08/2016

Железин аудандық сотымен ӘҚБтК-ның 440-бабының бірінші бөлігі бойынша 10 605 теңге сомасына әкімшілік айыппұлға тарту туралы ІІБ-нің қаулысын орындамау фактісі бойынша аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды (қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді пайдалану).

Сот отырысында Н. кінәсін толығымен мойындап, үшінші топтағы мүгедек екенін және тұрақты жұмысының болмауына байланысты атқару құжатын орындау мүмкіндігі жоқтығын түсіндірді.

Ақсу қалалық сотында журналистер үшін брифинг өткізілді

02/08/2016

Ақсу қалалық сотында (ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы) құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйм салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру фактісі бойынша В.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша «Ақ жол» және «Новый путь» газетінің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізілді.

Павлодар қалалық сотында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз конференциясы өтті.

02/08/2016

Павлодар қалалық сотында ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмысты қорытындылауға арналған баспасөз-конференциясы өтті. 

Аталған баспасөз – конференцияның жұмысына судьялар, «Қоғамдық келісім» МКМ-нің медиация орталығының басшысы О.Николашина және БАҚ өкілдері қатысты.      

Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен

02/08/2016

2016 жылдың басынан бастап Лебяжі аудандық сотымен берешек соманы өндіру туралы талап оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 49 іс қаралды.

Азаматтық Процестік Кодексінің 145-бабының 2-бөлігі 2-тармағының талабына сәйкес талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.