Павлодар қалалық сотының судьяларымен жедел кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өткен жұма күні Павлодар қалалық сотының судьяларымен жұма сайынғы жедел кеңес өткізілді, әңгіме барысында ағымдағы жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен өткізген, Павлодар облыстық сотының қызметін қамтамассыз етуді ұйымдастыру және сот төрелігін жүзеге асыру жағдайын кешенді тексеру қорытындысы талқыланды.

Кеңесте сот төрағасы міндетін атқарушы Н.Әбдікәрімов сот жұмысын оңтайландыруда судьялардың назарын сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттырып, сот актілерінің сапасына көңіл аударуға, татуластыру рәсімдері алқылы қаралатын істердің саның арттыру бағытында қажетті шараларды қолға алып, істі сот отырысына дайындауды тиісті және толық жүргізуге, барлық сот отырыстарын аудио-видео жазба арқылы жүргізіп, отырысты уақытында бастауға, тағайындалған істердің кестесін жасауда жүйелі жұмыс қалыптастырып, істердің ауырлығына қарай процесстердің уақытын үйлестіруге, істердің ведомстволық бағыныстылық мен соттылығын анықтауда қателіктерге жол бермеуге, істерді қарау мерзімін мінсіз сақтап, үш мемесе одан жоғары мерзімде істерді қарауға жол бермеуге, тараптарға тиісті мерзімде сот актілерін беріп, жоғарғы сатыдағы соттарға істерді тиісті мерзімде жолдауға баса назар аударды.

Кері қайтарылатын және қараусыз қалдырылатын талап арыздардың санын азайтып, істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жол бермеуге, сонымен қатар, жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер санын арттыруға судьялардын назары ерекше аударылды.  

Источник: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі