Сот несиені өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ертіс аудандық сотымен «С» ЖШС-нің талап-арызы бойынша аз.К-дан қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Арызданушы қарызды өндіріп алу туралы талап арызымен, 2006 жылдың 3 мамырында «Альянс Банк» АҚ жауапкер К.-ға 426 000 теңге көлемінде 36 айға қарызын бергендігін түсіндіре отырып сотқа жүгінді. Келісім шартының міндеттемесі бойынша К. қарызды пайдаланғаны үшін сыйақысының төленуімен міндеттемелерді қабылдап, кейін оны орындамады.

2011 жылдың 29 шілдесінде «Альянс Банк» АҚ «S.» ЖШС факторинг келісім шартын жасасты, ол бойынша Банк «S.» ЖШС-нің талаптарынан қайтқан.   

2011 жылдың 24 қазанында «S.» ЖШС «С» ЖШС-нің, 593 729 теңге көлеміндегі банк қарызын және 17 812 теңге көлемінде мемлекеттік пошлинаның төленуі бойынша шығындарды өндіріп алу туралы сотқа жүгінген  құқықтарынан қайтты.

Жауапкер АК 179 бабы бойынша келесі негіздемелерге сәйкес, талап қоюды өтінді. «Банк және банк қызметі туралы » Заңының 37 бабы негізінде  Банктердiң, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердiң еншілес ұйымдарының, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның кредит шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайды.  Бұл, жағдайдың қайтып алуына жатпайтындығын және талап қою мерзімінің ескіруі заңды екенін куаландырады. Талап құқығын қайтып алу 2011 жылдың 29 шілдесінде орын алды, ал талап арыз 2016 жылдың шілде айында 5 жылға жақын уақыт өткеннен соң берілді. Сонымен қатар, АК 181 бабы бойынша міндеттемелерде  тұлғалардың ауысуы талап қою мерзімінің өзеруіне және саналуына акеп соқтырмайды.

Сот шешімімен талап-арызды қанағаттандырудан бас тартылды.      Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі